22 Наурыз, 2019

Солтүстікқазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күнін кеңінен атап өтті

1035 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Наурыз мейрамына орай алаңдар ұлттық нақышта безендіріліп, күн мен түннің теңескен айшықтайтын небір  архитектуралық мүсіндер орнатылды.

Солтүстікқазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күнін кеңінен атап өтті

Наурыз мерекесін тойлау Тұңғыш Президент саябағынан бастау алады. Осы жерде “Қош келдің, мерейлік Наурыз” атты ауқымды бағдарлама ұйымдастырылды. Жиында облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет  бірлігі мен достығы жарасқан өңір жұртшылығын Шығыс халықтанының жаңа жылымен құттықтап, ортақ қуанышқа Ресейдің Омбы, Қорған, Түмен облыстарынана арнайы делегациялар ортақтасып отырғанын жеткізді. Елімізге тыныштық, қазақстандықтарға береке тіледі.

Театрландырылған қойылым ән шашуға ұласты. Бір жерде балуандар белдесіп жатса, енді бір жерде асық атудан, қой көтеруден, жілік сындырудан сайыс қызып сала берді.  Елбасының Ұлы даланың жеті қыры мақаласына орайластырыла құрылған 7  киіз үй  санаулан тақырыптық мазмұндылығымен келушілердің назарын аударды.“Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны” атты көрме, металлургияны, атқа міну мәдениетін суреттейтін деректер ұсынылды. «Шеберлер ауылы» атты фестивальда  қолөнер шеберлерінің қолмен жасаған дүниелері тамашаланды. Теміртаудан арнайы келген ісмерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.

 Белгілі әнші  Нұрлан Абдулиннің қатысуымен концерт қойылып, қызғалдақтар фестивалі аясында “Богатырский продукт” серіктестігі тұрғындарға 10 мың дана лотереялық  гүлдер бойынша жалпы құны 500 мың теңге болатын сыйлықтар ойнатты.

Осы күні 3 тонна палау, 700 кило бауырсақ, 300 литр қымыз әзірленіп, аз қамтылғана, тұрмысы төмен отбасыларға тегін үлестірілді.

Наурыз мерекесін көпқабатты үйлердің аулаларында атап өту дәстүрі биыл да жалғасып, 300-дей нысанды қамтыды.

Ұлыстың Ұлы күні ауылдық жерлерде де кеңінен атап өтілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы