Қазақстан • 22 Наурыз, 2019

Қызылордада әз Наурыз мерекесі тойланып жатыр

1161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық аланға киіз үйлер тігіліп, ұлттық дәстүрге сай ойын-сауық өткізіліп, жұрт шат-шадыман. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтау сөзінде биылғы жыл ерекшелігіне тоқталды.

Қызылордада әз Наурыз мерекесі тойланып жатыр

«Бұл күні ренжіскен адамдар табысып, бір дастарханнан дәм татып, бір-біріне ырыс-несібе тілеген. Біз үшін Наурыз мейрамы - өткенді саралап бағамдайтын, болашағымызға бастау алатын ерекше кезең. Соның бірден-бір дәлелі – кешегі Елордада өткен тарихи сәт. Тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл сәт біздің Тәуелсіз еліміздің, халқымыздың дүниедегі жоғары абыройын тағы да биікке көтерді, елдің бірлігі мен ынтымағының дәлелі, саяси тұрақтылық пен мәдениеттің үлгісі болды деуге әбден болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отыра Елбасының сөзімен «Алаштың анасы» атаған Сыр халқының атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мың да бір рахмет айтып, ұзақ ғұмыр, жасампаз еңбегінің жемісін көре беріңіз деген жүрекжарды тілегімізді айтуға рұқсат етіңіздер! Жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өзінің ұстазы – Елбасының сарабдал саясатын пәрменді жалғастыруда қазақстандықтармен бірге жаңа жетістіктерге жетуіне тілектепсіз» деді ол.

Қырымбек Көшербаев Елбасы сындарлы саясатының арқасында облыстың республикада бірқатар маңызды көрсеткіштер бойынша, соның ішінде инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және кәсіпкерлікті қолдауда көшбасшы болып келе жатқанын атап өтті.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы