Аймақтар • 22 Наурыз, 2019

Қызылордада салмағы бір тонна торт тарту етілді

1133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында Наурыз мейрамында қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қызылордада салмағы бір тонна торт тарту етілді

Наурыз – аста-төк дастархан жайып ішіп-жеу, қуаныш тойы ғана емес қайырымдылық мерекесі де. Мерекелік бағдарламада «Мейірімді аналар» акциясы өткізілді. Аналар бастаған «Наурыз керуені» Қызылорданың басты көшелерімен жүріп өтті. Көп балалы отыз отбасыға азық-түлік таратылды. Ұлттық мейрам аясында аудан, қала тұрғындары да өз үлесін қосуға тырысты. Қазалы ауданының жастары бастамашы болып, вокзалға аялдаған поед жолаушыларының алдына ұлттық тамақ ұсынып, ән-жырдан шашу шашты.

Басқа аудандарда да Наурыз мерекесін айшықтайтын шаралар ұйымдастырылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы