Президент • 22 Наурыз, 2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

977 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армения Президенті Армен Саркисян Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Армен Саркисянға ризашылық білдіріп, Қазақстанның Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы саяси бағыты өзгермейтінін айтты.

Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.