Күрес • 22 Наурыз, 2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

949 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолияның астанасы ­– Ұланбатырда күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия чемпионаты өтуде.

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

Жарыстың алғашқы күні қоржынымызға алты жүлде түсті. Атап айтсақ, 67 кило және 97 кило салмақ дәрежелерінде күш сынасқан Нұрбек Қызыров пен Олжас Сырлыбай барлық қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тұғырының ең биік сатыларына көтерілді. 60 кило және 82 кило салмақтарда өнер көрсеткен Дастан Зарлыханов пен Қуанышбек Досжанов ақтық сынға дейін алқынбай жеткендерімен, шешуші тұста есе жіберіп, күміс медальді мойындарына ілді.  77 кило және 130 кило салмақтарда белдескен Каһарман Қисметов пен Саркис Пшеничников қола жүлделерді иеленді. 

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»