Қазақстан • 22 Наурыз, 2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

1057 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық қауымдастық үшін қазақстандық басшылықтың ішкі және сыртқы саясаты сабақтастығының сақталуы мен бейбітшіл ұстанымының жалғасуы жөнінде жасаған тиянақты мәлімдемесі маңызды болды. Бұл жөнінде ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле өзінің Қазақстанның Франциядағы Елшісі әрі Ұйым жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиевпен өткен кездесуінде айтты.

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінің мәтіндерін табыстап, отандық дипломат Елбасы шешімінің себептері мен қисынына түсініктеме берді және мемлекетіміздің шетелдік серіктестерінің алдында алған барлық міндеттемелерін бұлжытпай орындау жөніндегі міндеттемелерін қайта растады.

Өз кезегінде О. Азуле ұсынылған ақпаратқа ризашылығын жеткізіп және Қазақстанның ЮНЕСКО-мен дәстүрлі негіздегі мазмұнды ынтымақтастығын арқау етіп, оның алдағы уақытта да оң бағытта дамитынына сенімін білдірді. Ол сондай-ақ елімізде Жастар жылы аясында кешенді іс-шаралардың қолға алынуын құптайтынын айтты.

Сұхбаттасушылар Ұйым мандатының шеңберіндегі ағымдағы әрекеттестіктің бірқатар нақты мәселелеріне тоқталды, соның ішінде Қазақстанда ЮНЕСКО қамқоршылығындағы екінші санаттағы институттар ретінде Орталықазиялық өңірлік гляциологиялық орталық пен Мәдениеттер жақындасуының халықаралық орталығын құру үдерісін.

Кездесу соңында Елші екі құрылым арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа көрсеткен қолдауы үшін О. Азуленің ТЮРКСОЙ Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымның 25-жылдығына орай марапатталғанын жеткізіп, Бас директорға тиісті медальді табыстады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан1992 жылдың 22 мамырынан бастап Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) толыққандымүшесі болып табылады. Беделді халықаралық ұйыммен ынтымақтастығымызды ҚРЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиясы үйлестіреді. Мемлекетімізұйым аясындағы 15 халықаралық конвенцияның тарапы болып табылады. Осы күнгедейін деректі мұраның «Әлем жады» халықаралық тізіміне - 3, Дүниежүзілік мұратізіміне – 5, материалдық емес мәдени мұра тізіміне – 10, биосфералық резерваттаржелісіне – 10, айтулы мерейтойлар күнтізбесіне – 21 отандық ұсыным енгізілді. ЕліміздеЮНЕСКО-ның 5 кафедрасы, 31 қауымдастырылған мектебі, 50-ден астам клубы істейді. Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Назарбаевтыңбастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы өз қарарымен 2013-2022 жылдар мерзімінМәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығы етіп жариялады жәнеЮНЕСКО-ны тиісті бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты құрылым ретінде белгіледі.