Спорт • 23 Наурыз, 2019

Тоқаев Тұрсынбаеваны күміс медалімен құттықтады

918 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны Жапониядағы әлем чемпионатында алған күміс жүлдесімен құттықтады,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тоқаев Тұрсынбаеваны күміс медалімен құттықтады

«Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды! Ол тарихқа бірінші болып төрттік секіруді орындады! Жарайсың! Менің құттықтауымды қабыл ал!»,- деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.  Еркін бағдарламада Тұрсынбаева ешбір қателіксіз төтрттік сальхов әдісін орындады. Бұл тарихи сәт болды. Себебі бұл әдісті осыған дейін ешкім жасамаған. Төрешілер Тұрсынбаеваның көрсеткен өнеріне 148.80 ұпай қойды. Осылайша ол күміс иеленді.

Соңғы жаңалықтар