Әлем • 23 Наурыз, 2019

Еуроодақ Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты

896 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуроодақ Дональд Трамптың кешегі мәлімдемесіне жауап ретінде Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты.

Еуроодақ  Голан төбесін Израиль меншігі деп танудан бас тартты

АҚШ президенті өзінің  твиттер парақшасында «Америка Құрама Штаттары үшін 52 жылдан кейін Голан төбесінің Израильге тиесілі екенін толық мойындайтын уақыт келді»,  деп жазған болатын.

Израиль 1967 жылы алты күндік соғыстан соң Сирияға тиесілі Голан төбесін өз территориясына қосып алған.

1981 жылы Израиль мемлекетінің заң шығарушы органы Израильдің осы аумақтың өз меншігі екенін жариялады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл шешімді мойындамады.

Еуроодақ Дональд Трамптың кешегі мәлімдемесіне жауап ретінде Голан төбесін Израиль аумағының меншігі деп танудан бас тартты.