Руханият • 23 Наурыз, 2019

Астанада Наурызға арналған теннистен турнир басталды

919 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен спортшылар қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада Наурызға арналған теннистен турнир басталды

Бүгін «Астаналық» теннис клубында Наурыз мейрамының құрметіне Қазақстанның теннис федерациясының қолдауымен әуесқойлар арасында «Astana Open» ірі халықаралық турнирі басталды. Турнирге бүкіл Қазақстаннан келген теннисшілер қатысуда. Финалдық жарыс 24 наурызда өтеді. Жарыс Халықаралық федерацияда қабылданған теннис ойындарының ережесі бойынша 2012 жылдан бері жыл сайын өтеді.