Қазақстан • 23 Наурыз, 2019

Қазақ күресінен «Өнер Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

1783 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шоу-бизнес саласындағы кәсіби емес балуандар сайысы Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақ күресінен «Өнер Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Өнер Барысы» турнирі бейсенбі күні елордада өтті. Чемпион белдігіне эстрада, кино, КВН, айтыс жұлдыздары, сондай-ақ блогерлер күш сынасты.  Оның ішінде Аян Өтепберген, ағайынды Төлеповтар, Нұрболат Абдуллин, Серік Ибрагимов, Абай Аязбаев т.б бар. Асылхан Төлепов (жеңіл салмақ дәрежесінде) және Сырымбет Байбосынов (ауыр салмақ дәрежесінде) «Өнер Барысы»  турнирінің жеңімпаздары атанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс дәстүрлі түрде өтіп тұрады.  Естеріңізге салайық, сайыс қала әкімдігінің қолдауымен өтті.