Қазақстан • 23 Наурыз, 2019

Қазақстан Президенті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды

1044 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды деп хабарлайды Ақорда. 

Қазақстан Президенті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің археологиялық және архитектуралық ескерткіштерімен танысып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап көрді.

Мемлекет басшысына мәдени нысандардың қайта жөндеу жұмыстары және қорық-музейдің аумағын абаттандыру барысы жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне облыс әкімдігінің, басқармалар мен департаменттердің әкімшілік ғимараттарын, сондай-ақ Конгресс холлды, Медиа орталығын, «Ұлы дала елі» орталығын, оқушылар сарайын, туризм колледжін, «Астана» алаңын, әуенді субұрқақты, халыққа қызмет көрсету орталығын және басқа да әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды салу барысы туралы есеп берілді.