Аймақтар • 23 Наурыз, 2019

Шымкентте «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік думаны өтті

1248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттіктер Ұлыстың Ұлы күнін ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Қалада бір апта бұрын басталған Наурыз мерекесі 22 наурыз күні «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік іс-шарамен жалғасты. 

Шымкентте «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік думаны өтті

Тұрғындар жаппай серуенге шығып, Наурыз алаңындағы мерекелік іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен ел ағалары, тұрғындар қатысты.

Наурыз алаңында киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылды. Мерекелік іс-шарада бәйге, қыз қуу сияқты қазақтың ұлттық спорттық ойындарымен сайыстар өтті.

Барша жұртшылықты Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Наурыз - ежелден жаңа мен жақсының, мейірім мен шапағаттың, әдеп пен имандылықтың бастауы екенін айтты. Сахнада театрландырылған хореографиялық қойылым мен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Ал кешке қарай гала-концерт ұйымдастырылып, Қазақстанның эстрада жұлдыздары Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина және Серік Ибрагимов әннен шашу шашты.