Қазақстан • 23 Наурыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек

1822 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келешек жастардың қолында екенін айта келе, жастарға жаңа мүмкіндіктер беру керектігін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек

«Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Бұл – бизнес ашу, білім алу, жұмысқа орналасу, табыс табу деген сөз. Өз өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек», деді ол.

Сондайақ президент елімізде бәсекеге қабілетті әрі талантты жастар көп екенін айтты. Креативті жастарға кеңінен жол ашып, жағдай жасау керектігін жеткізді.  

«Еліміздің жастары мен талантты азаматтары мемлекеттік қызметте ілгерілеу үшін арнайы кадрлық бағдарлама дайындаймыз. Болашағымыз жастардың қолында! Еліміздің ертеңі де – жастар!» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.