Аймақтар • 23 Наурыз, 2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

1553 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда Наурыз мерекесіне орай «Үздік ұлттық костьюм» байқауы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрам Нұғыман байқауға 54 адамның қатысқанын атап өтті.

- Қатысушылар 4 номинация бойынша сынға түсті, - деді Мейрам Нұғыман. – «Үздік ұл бала косюмі», «Үздік қыз бала костюмі», «Үздік ерлер костюмі» және «Үздік әйелдер клстюмі» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Киімді тігуде ұлттық құндылықтардың сақталуы, киімге шығармашылық тұрғыдан көзқарастары, киімнің ұлттық элементтермен әрленуі бойынша баға берілді. Қатысушылар 19 наурызға дейін өтініштерін берген. Ал, 20 наурыздан іріктеу кезеңі басталған. «Үздік ұл бала костюмі» бойынша бас жүлдені Санжар Нұғыман иеленді. Қыз балалар арасында Айару Айтмұхамет, ерлер арасында Атығай Тақырбасов және әйелдер арасында Азиза Жұмағұлова жеңімпаз атанды.