Аймақтар • 23 Наурыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

1029 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкент қаласында барды. Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың киелі Түркістаннан кейінгі жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасуда, - деп жазды Берік Уәли. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады.  Өңірге сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ат басын бұрып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жаңғырту жоспарымен танысты. Жуырда ғана тұсауы кесілген облыстық «Жастар ресурстық орталығында» болды. Сонымен қатар облыс активімен өткен жиынға қатысып, Президент лауазымындағы мақсатын жария етті.