Қазақстан • 23 Наурыз, 2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

1844 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тараз шекара отрядына қарасты «Сыпатай батыр» шекара заставасының аумағында көрші елден Қазақстанға қарай Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адамның жолын кесті. Бұл туралы Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

Салтатты адам шекаралық Аспара өзенінен өтіп, Мемлекеттік шекараның сымтемір қорғанын кесіп бергі бетке өте батаған кезде келіп қалған шекара нарядын көріп кері қарай жалт бұрылды. Көрінбейтін сымтемірлі кедергіге шырматылып қалған атын тастай салып, шекара бұзушы жаяу қашып, көрші елдің аумағына кіріп үлгерді. Атты қолға түсірген қазақстандық шекарашылар көршілес мемлекеттің Шекарашыларын болған жағдай туралы құлақтандырды;

Қорғаста медициналық заттар контрабандасымен 25 жастағы қазақстандықты ұстады.

Ұсталған азамат Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығынан өзімен бірге 4 қорап хурургиялық жіптер мен инелер, 1 қорап анализдер жинауға арналған вакутейнерлер ала кірмек болыпты. Контрабандалық жүктің жалпы салмағы 28 кг;

«Оңтүстік» өңірлік басқармасының аумағындағы «Б. Қонысбаев-авто» бөлімшесінде Өзбекстаннан Қакзақстанға қарай 1000 дана әйелдер сөмкесін енгізбек болған ресейлікті ұстады;

Осы «Оңтүстік» өңірлік басқармасының «Б. Қонысбаев-авто»,  «Жетісай-авто»,  «Атамекен-авто»,  «Айша-бибі» бөлімшелерінде 400 литрге жуық жанар-жағармай өнімдері мен 42 тонна тұрмыстық пеш отынын, 21 тонна «Бензонол БИ-92» өнімін елден заңсыз алып шығуға тосқауыл болды.

Ақтөбе шекара отрядының «Жайсаң-авто» бөлімшесінде 200 кг шайды, 38 тонна тепловоздың қосалқы бөлшектерін,  «Әлімбет-авто» бөлімшесінде 20 000 кг фасоль, көк бұршақ, күріш, кептірілген қара өрік өнімдерін Ресейге заңсыз алып шықпақшы болған төрт қазақстандықты ұстады.

Қордайда жалпы көлемі 30 литрға жуық заңсыз алкоголь өнімдерін елге кіргізбеді, 500 кг қымбат бағалы мұздалған балықтарды елден шығармай алып қалды.

«Мерке» тексеріп-өткізу пункітінде көрші елден 10 тоннаға жуық үйрек төсін алып кірмек болған қазақстандықты ұстады.

Теңіз шекарашылары «Алматы», «Атырау», «Көгершін-650» шекаралық катерлерімен жалпы көлемі 2100 метр ау тауып,  қауіпсіздендіріп,  жүздеген кг бекіре тұқымдас балықтар мен тюлендерді құтқарып қалды. Мемлекетке 1 732 150 теңге көлемінде шығын келтірудің алды алынды.