Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Елбасының еңбегін жоғары бағалайды

883 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Мені қатты таңғалдыратыны оның заман тынысын тап басып танитыны. Бүгінгі әлемнің күретамырының бүлкілін дөп басып сезіне алатын қасиеті оның Ұлы даланың асыл пре­зенті екендігін көрсетіп тұр. 

Елбасының еңбегін жоғары бағалайды

Баба­лар армандаған ізгі үмітті жалғап, ха­лықтың ел болудың алдындағы сан күдігін сейілту, тәуелсіздіктің жар­қын бейнесін қалыптастырудағы Ел­ба­сының еңбегі ұшан-теңіз. Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз да тұңғыш басшысының еңбегін жоғары бағалайды.

Қазақстан халқы үшін Нұрсұлтан Әбішұлы – түріктердің Ататүркі, орыстардың I Петр, Америка жұрт­шылығының Рузвелті, еврей ұлтының Бен Гурионы, Сингапур халқының Ли Куан Ю сияқты қайрат­кері және түркі әлемінің абызы.

Біз Назарбаев басқарған мемлекетте өмір сүріп, жұмыс істегенімізді әр­дайым мақтан тұтуымыз қажет. Оның айқын дәлелі еліміздегі татулық пен ын­тымақтың бірегей үлгісін жаhан жұрт­шылығы зерделеп, Назарбаев мо­делі деп баға берді.

Бүгінде Қазақстан халқының алдында үлкен міндеттер тұр. Алайда ке­меңгер басшы халқына қызмет етуді жалғастырады, яғни елдегі же­текші «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Қауіпсіздік Кеңесінің Төр­а­ғасы ретінде қызмет ете бермек. Бұл Ел­басының халқының тынысымен бір­ге тыныстайтынын көрсетеді.

Сатыбалды ИБРАГИМОВ,

қоғам қайраткері