Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Р. Дәленов көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жаңа шаралар туралы айтып берді

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін баспасөз конференциясында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет пен Ұлттық Банк арасындағы жаңа Келісім аясындағы, көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жоспарланған шаралар туралы айтып берді.

Р. Дәленов көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жаңа шаралар туралы айтып берді

Р. Дәленов атап өткендей, экономиканың нақты салаларында көлеңкелі айналы үлесін төмендету бойынша жетістіктер бар. Мысалы, 2018 ж. бастап табыс салығының, электронды сауданың корпоративті табыс салығының мөлшерлемесі жойылды. 2018 ж. қорытындысы бойынша электронды сауда көлемі 1,5 еседен астамға артты. Министрдің айтуынша, Парламент сауда мәселелері бойынша түзетулер қабылдады, оған сәйкес бизнестің ақпаратты жеткізетін, банк карточкаларына қызмет көрсететін онлайн кассалық машиналарды сатып алуға шығындарының салығы есебінен өтемақы төлеу шамаланады.

«Біз бұл кәсіпкерлер үшін салмақты қолдау деп санаймыз, сонымен қатар бұл бірқатар салаларды «көлеңкеден» шығарудың нақты шарасы. Сонымен қатар біз жаңа шараларды пысықтап жатырмыз, мысалы, банк карточкаларын пайдаланатын мемлекет азаматтарына бонус ұсыну», — деді министр, сонымен қатар ол бизнеспен бірлесіп қолма-қол ақшасыз формада ірі келісімдерді жасасуды ынталандыру мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Жалпы, Р. Дәленовтің айтуынша, ҚР ҰЭМ алдында алдағы үш жылда көлеңкелі экономика үлесін 40%-ға төмендету міндеті тұр.