17 Наурыз, 2010

ЕЛ БЕРЕКЕСІ – ІШКІ БІРЛІКТЕ

840 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында алдағы 10 жылдыққа межеленген биіктерді бағындыру үшін қоғамдағы барлық күштердің бірлесе қимылдауының маңыздылығына баса мән берді. Ол мейлі саяси партия болсын, ҮЕҰ болсын, бизнес пен мемлекеттік орган болсын, мақсат-мүдде бір арнаға тоғысқанда алар асуға алқынбай жететіндігіміз анық. Алдымда Қазақстан Прези­ден­ті­нің республика халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы жатыр. Бір жыл бұрын Мемлекет басшысы жауапты орындарға дағдарыстан шығу ту­ра­лы міндет жүктесе, биылғы Жолдау тұтас онжылдық дамуға арналды. Оның негізі – елдің экономикалық өрлеуі мен Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерінің тууы. Президент елі­міздің дағдарыс дүрмегінде жо­лынан жаңылмағанын айтып, енді стратегиялық мақсатты көздеген 2020 жылға дейін атқарылатын істердің жоспарымен таныстырды. Күн тәртібінде маңызды мә­се­ле – экономиканы әртараптандыру міндеті тұр. Ал ол үшін еңбек өнім­ділігі артып, барлық салаға инно­ва­ция дендеп енуі тиіс. Сонда ғана бәсекеге қабілетті 50 елдің қата­ры­на ене аламыз. Бұл – Елбасының сөзі. Менің ұғымымда, Президент ауыл шаруашылығы саласына өзге­лер­дей 10 жыл мерзім атамай, 4 жыл арнаған. Осы уақыт аралы­ғын­да агроөнеркәсіп кешеніндегі өнім өндіруді аз дегенде екі есеге дейін өсіру мен елдің азық-түлік қауіп­сіз­дігін 80 пайызға дейін қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр. Эко­но­миканы әртараптандыру бойын­ша 30 млрд. доллар шетел ивес­ти­циясын игеріп, Үкіметтің бизнесті дамытуға арналған “Жол картасын” жүзеге асыруға тапсырма берілді. Осылайша бизнестің тынысын ашып, онжылдықтың аяғына қарай ІЖӨ-ге бизнес түсіретін пайда 40 пайыздың көлемінде болғаны жөн деген талап бар. Биылғы Жолдауда барша қазақ­ста­ндықтар үшін ұлттық идея ай­тылды. Ол – 2020 жылы Қазақ­станның қуатты елге айналуы. Қа­зіргі күні елімізде қанша жұмыстар атқарылды дегенімізбен, біз қажетті тауарлардың барлығын шеттен тасудамыз. Елде сол өнімдерді даяр­лайтын шикізат жоқ па, әлде жұмыс күші жоқ па? Бізде әрбір 26 адамға бір бәтеңке, 2,3 метр мата шығарылады екен. Өкінішті ме, өкінішті. Өзімізде мұнайдың мол қоры бола тұра, бензин, дизель отыны мен майдың бағасы әлемдік деңгейде, яғни оларды өзімізде шығарып отырсақ та оның бағасын бізге трансұлттық компаниялар ай­қындап беріп отыр. Электр қуатын тұтыну жайынан да осындай келең­сіздікті көреміз. Әрине, “Мәскеу бір күнде салынған жоқ” демекші, мұның барлығының бірнеше жылдың жүзінде ғана атқарыла салар оңай шаруа еместігі түсінікті, дегенмен, алға биік мақсаттар қойып отыр­ғанда халыққа Жолдауда ел күткен межеден шықпай жатқан салалар мен кәсіпорындар атына сын ай­тылуы қажет еді ғой деп те ойлай­мын. Әрине, қол жеткен табыстар міндетті түрде айтылғаны жөн, бірақ кемшіліктер қоса айтылмаса, олар қалай жөнделмек? Халықта “Қателік жіберген жаман, ал ол қателікті жөндеуге ұмтылмау одан да жаман” деген сөз бар. Жыл қорытындысына байла­ныс­ты министрліктер мен ведом­стволардың алқа отырыстарындағы есептерді қарасақ, ылғи бір жетіс­тік­тер айтылады. Ал саланың қа­лып жатқан тұстары, оның орын алу себептері мен оны жою немесе тынысын кеңейтіп, дамуға жол ашу тұсы айтылмайды. Мұндайды қазақ “Жауырды жаба тоқу” дейді емес пе. Біз – әлемдік қоғамдастықпен интеграциялануға ұмтылған елміз. Сөз жоқ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз Қазақстан имид­жін көтеретіні де айқын. Алайда, бізде қарапайым адам үшін әлі де қолжетімділігі аз нәрселер көп. Жолдауда осы мәселелерге қатысты жақсы ойлар бар. Мысалы, 2020 жылы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің артуы, сапалы медициналық жәрдем мен әлемдік деңгейдегі білім беру үшін ғылым-білім саласын реформалау, бала­бақ­шадан университетке дейінгі аралықта оқу-тәрбие ісін жақсарту бағдарламасы шын мәнісінде мем­лекеттік іс. Тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық саласының жұ­мысын жақсарту, зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау сын­ды әлеуметтік-экономикалық толып жатқан міндеттердің ойдағы­дай орындалуы халықтың тұрмы­сына тікелей оң әсер ететініне дау жоқ. Бірақ, мәселе сол жоспарланған міндеттердің атқарылуында жатыр. Егер осыған дейін көшелерде ор­наласқан билбордтарда “Қара­пайым адамға қарай қарапайым 10 қадам”, “30 корпоративтік көш­бас­шы”, “100 мектеп, 100 аурухана”, “Сыбайластыққа қарсы мықты 10 соққы” деген сандарға көзіміз үй­рен­се, енді Мемлекет басшысының алысқа, алдағы 10 жылды бетке алған стратегиялық Владислав КОСАРЕВ, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Орталық комитетінің төрағасы. тұрғыдағы “Қа­зақстан-2020” санына қарайтын болдық. Енді тек игілікке бағыттал­ған осы жоспарлар қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты жүзеге ассын деген тілек бар. Жолдауда биік мақсаттарға қол жеткізуде барлық партиялардың, азаматтық қоғамның бірігуі, “Нұр Отан” халықтық-демократиялық пар­тиясының бұл істе топтас­ты­ру­шы, күш біріктіруші ретінде жұмыс жасауы керектігі атап көрсетілді. Отанының көркеюі, бәсекеге қабілетті, алдыңғы қатардағы мем­ле­кеттермен терезесі тең болуы, хал­қының тұрмыс деңгейінің жоға­рылауы, елдің интеллектуалдық, зияткерлік деңгейінің өсуі әрбір азаматтың көкейін тескен арманды ой ғой. Осы арманға жетуде ха­лық­тық коммунистер өздеріне қатысты мәселеде аянып қалмайтынына се­німім мол.