Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Қарағандыда 172 мемлекеттік қызметші медальмен марапатталды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында "Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ел Президентінің атынан қарағандылық бір топ қызметкерді "Халық алғысы" медалімен марапаттады, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда 172 мемлекеттік қызметші медальмен марапатталды

Еңбектері еленген 172 мемлекеттік қызметшінің қатарында дәрігерлер мен медбикелер, полиция қызметкерлері, волонтерлер, меценаттар, журналистер, мәдениет және өнер саласының өкілдері болды.

Марапаттау салтанатына карантиндік талаптарға байланысты саны шектелген аз ғана  топ қатысты. Ал марапатталушылардың қалғанына жаңа медаль жұмыс орындарына немесе үйлеріне жеткізіліп берілді.

Салтанатты іс-шарада облыс әкімі мемлекеттік қызметшілерге азаматтық ұстаным мен батылдықтары және қоғам мәселелеріне немқұрайды болмағандары үшін алғыс айтты.

"Қарағандылықтар қашанда ұйымшыл екендіктерін тағы бір мәрте көрсетті. Біздің арамызда қиын сәттерде көмекке келуге дайын адамдар аз емес. Мен олардың әрқайсына ризашылық сезімін білдіргім келеді. Негізгі ауыр жүк  медицина қызметкерлерінің иығына түсті. Біз олардың жұмысын жеңілдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз. Қалыпты тірлігімізге тездетіп  қайта оралуымыз біздің әрқайсымыздың іс-әрекетімізге байланысты болмақ",  деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

 

 

Қарағанды облысы