“Үстірт табиғи қорығында алабарыс (леопард) фототұзаққа түсіп қалды. Алдыңғы Азия леопарды қорық аумағына көрші Түркіменстаннан келген сияқты”, - деп жазды министр Twitter парақшасында.
“Әлемде популяциясы 870-1,3 мыңнан аспайтын аң Қазақстанда тек Үстіртте ғана кездесіп тұрады. Сондықтан қорықты тиісті күйінде сақтап, оның территориясында және басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғат қорғау шараларын қатаң сақтау өте маңызды”, - деп атап өтті министр.
Қазақстанда алдыңғы Азия алабарысын бақылаумен Үстірт қорығының қызметкерлері мен CADI жобасы аясында Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы айналысады.
“Қазір мамандар жануарды Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу жөнінде негіздеме дайындап жатыр”, - деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үстірт табиғи қорығында фототұзаққа түскен Алдыңғы Азия алабарысының суретімен бөлісті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Көркем гимнастика: Қазақ қызы Азия чемпионатында топ жарды
Спорт • Бүгін, 16:19
Құқықтық тәртіп әскерінің авиациясы
Айбын • Бүгін, 16:11
Антикор азық-түлік бағасын бақылауға алады
Экономика • Бүгін, 15:50
«Өкпесін зақымдаған»: Алматы облысында 13 жастағы балаға оқ тиген
Аймақтар • Бүгін, 15:39
Жас әскерилер Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды
Айбын • Бүгін, 15:16
Елдегі жолдардың сапасын бақылауға арналған сервис пайда болды
Қоғам • Бүгін, 15:00