Аймақтар • 24 Мамыр, 2021

Ерейментауда 18 жастағы жігіт суға батып кетті

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облыстық Полиция департаменті бүгін 18 жастағы жігіттің көлге батып кеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерейментауда 18 жастағы жігіт суға батып кетті

Департаменттің мәліметінше, 22 мамыр күні кешкі сағат 19:04 кезінде Ерейментау ауданды ПБ кезекшілік бөліміне А.Бекболат көшесі, 22-үй мекенжайы бойынша тұратын Ерейментау қаласының 49 жастағы тұрғыны телефон арқылы хабарласып, Қоржынкөл көлінде 18 жастағы жиені суға батып кеткені туралы айтқан.

«Анықталғандай, жас жігіттің суға батып кетуіне судағы қауіпсіздік шараларының сақталмауы болып отыр», деді ведомство өкілі.