Білім • 24 Мамыр, 2021

Министр студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарының ректорларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Кездесу барысында күн тәртібіне сәйкес қаралған тақырыптардың бірі студенттер мен оқытушылардың қауіпсіздік мәселелері төңірегінде болды.

Министр білім ордаларындағы құрал-жабдықтарға түгендеу жүргізу, бейнекамералардың жедел басқару орталықтарына қосылуын қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарына кіргізу режимін күшейтуді және студенттер арасында оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді тапсырды.

Осы орайда ол жатақханаларда пысықталуы тиіс қауіпсіздікті күшейту шаралары да айтылды.

«Қазандағы қайғылы жағдай мектептер мен колледждердегі қауіпсіздікті күшейту қажеттігін көрсетті. Осындай қорқынышты жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін мектептермен қоса, университеттерде де қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз керек. Студенттер мен оқытушылар төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін білуі тиіс. Біз қолда бар жабдықтарды тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша жабдық орнатуымыз керек. Қауіпсіздік шаралары қолданылып, оқу жаттығулары неғұрлым жиі өткізілетін болса, біздің балаларымыздың да қауіпсіздігі соғұрлым арта түседі», деп атап өтті министр Асхат Аймағамбетов.