TOKYO2020 • 23 Шілде, 2021

Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетілетін болды

775 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөздер нәтижелі аяқталды. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетілетін болды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар.

Телеарналардағы Олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады.