Аймақтар • 25 Шілде, 2021

Жамбыл облысы: Әкімдер сайлауына ең көп үміткер Жамбыл ауданында тіркелген

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша саяси науқан 10 сайлау учаскесінде өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысы: Әкімдер сайлауына ең көп үміткер Жамбыл ауданында тіркелген

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында барлығы 34 сайлау учаскесі бар. Жалпы сайлаушылар саны 52224 адам болса, оның ішінде биылғы жылдың шілде айында әкімдер сайлауы өтетін әкімшілік-аумақтық бірліктерде сайлаушылар саны 17823-ті құраған. Бүгін сайлау Жамбыл ауданының Аса, Ақбастау, Ерназар, Жамбыл және Қаратөбе ауылдық округтерінде өтуде. Аудан көлемінде жалпы кандидаттарға арналған 24 үгіт-баспа тақтайшалары, 21 билборд орындары және 24 сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар орналасқан.

Ағымдағы жылғы 26 маусым мен 9 шілде аралығында аумақтық сайлау комиссиясына барлығы 21 кандидат құжаттарын өткізген. Оның ішінде Nur Otan партиясынан 4, «Адал» партиясынан 1, «Ауыл» партиясынан 1, «Ақ жол» партиясынан 2, «Қазақстан халық» партиясынан 3 азамат ұсынылған және 10 кандидат өзін-өзі ұсынған. Нәтижесінде 15 кандидат тіркелген. Оларға сенімді өкіл мен байқаушы болуға 44 азамат өтініш білдірген. Ол азаматтар аумақтық сайлау комиссиясынан тиісті куәліктерін алған. Сенімді өкіл ретінде тіркелген 44 азаматтың барлығы да вакцина салдырған. Әкімдердің сайлауына орай, жалпы барлығы 311 үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген.