Аймақтар • 25 Шілде, 2021

Байзақ ауданындағы сайлау учаскелері барлық талапқа сай жұмыс атқаруда

724 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы, Байзақ ауданының Сарыкемер, Ынтымақ және Көктал ауылдық округтерінде сайлау өткізілуде6 деп хабарлайды Egemen.kz.

Байзақ ауданындағы сайлау учаскелері барлық талапқа сай жұмыс атқаруда

Сайлау учаскелері тиісті кеңсе тауарларымен, жиһаздармен, телефон және интернет байланысымен, тактильді жолақтармен және өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Сайлау өтетін орындар толықтай бейнекамералармен жабдықталған.

Сондай-ақ, аудандағы барлық сайлау учаскесі санитарлық талапқа сәйкестендірілген. Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов аудан орталығы Сарыкемер ауылында орналасқан әл-Фараби атындағы аудандық Мәдениет үйіндегі №126 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

«Ауыл әкімдерін сайлау Сарыкемер ауылында өз деңгейінде өтуде. Ауыл тұрғындары өз таңдауын лайықты жасайды деп сенеміз. Бұл бастамаға халықтың көзқарасы жақсы», дейді Сарыкемер ауылындағы №126 сайлау учаскесінің бақылаушысы Амангелді Тілепов.