Аймақтар • 25 Шілде, 2021

Сексеннен асқан қос әже ауыл әкімін қолдап дауыс берді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Сарқан ауданына қарасты Екіаша ауылында тұратын  Нұршат пен Ханшайым әжелердің қимылы ширақ, айналадағы оқиғаға құлағы түрік екен.

Сексеннен асқан қос әже ауыл әкімін қолдап дауыс берді

Ауылда сайлау өтеді дегелі қариялар өз таңдауын жасауды ұйғарыпты. Ертемен ашылған дауыс беру учаскесіне келген қос қария ертең ел тізгінін ұстайтын ауылдасын таңдаған көрінеді.

«Бүгінгі сайлау біздер үшін маңызыды. Ауылымыздың әкімін бір ауыздан сайлап, аулыдың кемел келешегін жаңа басшыға сеніп тапсырмақпыз. Сондықтан да сайлаудан тысқары қалмай өз дауысымды беруге келдім. Әр тұрғын өткізіліп жатқан сайлаудың маңыздылығын түсініп, таңдауды дұрыс жасайды деген сенімдемін», дейді қарт ана Ханшайым.