Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021

Өткен тәулікте елге 6 030 жолаушы келген

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 26 қыркүйек күнгі халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Өткен тәулікте елге 6 030 жолаушы келген

2021 жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Ұлыбритания, Катар, Нидерланд, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 44 халықаралық әуе рейсімен 6 030 авиажолаушы келді. 

Оның ішінде: 

 Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 3 283 жолаушы;
 Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 002 жолаушы;
 Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 233 жолаушы;
 Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 99 жолаушы;
 Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 117 жолаушы;
 Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 166 жолаушы;
 Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 130 жолаушы;

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.