Ұлттық спорт • 30 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда тұңғыш рет федерациялар кубогы өтеді

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2-4 қазан аралығында Нұр-Сұлтандағы «Қазанат» ипподромында федерациялар кубогы өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда тұңғыш рет федерациялар кубогы өтеді

Елімізде алғаш рет ҚР Жамбы ату және Теңге ілу федерацияларының кубогы өтеді. Турнирге үздік мергендер мен теңге ілу шеберлері қатысады.

Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қос кубоктың жүлде қоры 11 миллион теңгені құрайды. Ал бас жүлде алған спортшыларға автокөлік беріледі.