Жарысқа еліміздің әр түкпірінен 40 спортшы келген. Ертең кіл мықтыдан кім мықты анықталады. Айта кетейік, қос федерацияның басын қосқан турнир алғаш рет ұйымдастырылып тұр. Мұндағы мақсат – ұлттық спортты дамыту. Спортшылар да күн райының қолайсыздығына қарамастан барын салып жатыр. Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен өткен республикалық турнир «Ұлы дала рухы» фестивалі аясында ұйымдастырылды. Ең үздік мерген мен теңге ілу шеберіне автокөлік кілті табысталады.
«Жүлде қоры 2 кубок үшін 11 млн теңгені құрайды. Екі автокөлік жеңімпаздарға, екінші орынға млн теңгеден, үшінші орынға 500 мың теңгеден жүлде тағайындалып отыр», деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай
Елордада Жамбы ату мен теңге ілу федерацияларының кубогына арналған республикалық турнир басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтауда тоғызқұмалақтан командалық чемпионат өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 21:35
Сенатта өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтеді
Сенат • Бүгін, 20:10
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған республикалық эссе сайысы өтті
Білім • Бүгін, 19:53
Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім толықтырылды
Президент • Бүгін, 19:43
Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 19:17
Құлсарыдағы тасқыннан зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары осы аптада аяқталады
Аймақтар • Бүгін, 18:40