Теннис • 05 Қаңтар, 2022

Рыбакина чехиялық қарсыласынан басым түсті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аделайда (Австралия) турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рыбакина чехиялық қарсыласынан басым түсті

Айтулы аламанның жетінші ракеткасы ретінде бақ сынап жатқан отандасымыз чехиялық Мария Боузковаға қарсы кортқа шықты. Ол бірінші сетте қарсыласын 6:3 есебімен жеңсе, екінші сетті 6:4 есебімен жапты. Чехиялық спортшыны 2:0 есебімен ұтқан Елена Рыбакина енді жартылай финалға жолдама алу үшін Мария Саккари және Шелби Роджерс жұбының жеңімпазымен кездеседі.