Ресейлік спортшы әуелде Бенейл Дариушке қарсы октагонға шығуға тиіс болған. Алайда Бенейл Дариуш жарақат алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Енді 26 ақпан күні ресейлік аралас жекпе-жек шебері Бобби Гринмен кездеседі. Ислам Махачев соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында Дэн Хукерге қарсы өткізіп, қарсыласын уақытынан бұрын жеңген болатын.
Жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачевтің UFC Fight Night 202 турнирінде кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше