Кәсіпқой бокс • 09 Наурыз, 2022

Сергей Ковалевтің қарсыласы анықталды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы, ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалев келесі жекпе-жегін бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өткізетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сергей Ковалевтің қарсыласы анықталды

Жаңа салмақта бақ сынайтын Сергей Ковалев болгариялық Тервел Пулевпен қолғап түйістіретін болды. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек он раундтық форматта өтеді деп жоспарланған.

Ресейлік боксшы соңғы рет 2019 жылдың қараша айында шаршы алаңға көтеріліп, мексикалық Сауль «Канело» Альварестен нокаутпен жеңілген болатын. Енді араға екі жарым жыл салып, шаршы алаңға қайта оралуға бекініп отыр.