ANTIKOR • 14 Наурыз, 2022

Қайрат Сатыбалды Алматы әуежайы маңында ұсталды – Антикор

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов «Қазақтелеком» АҚ-тың бұрынғы басшысы Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Сатыбалды Алматы әуежайы маңында ұсталды – Антикор

«Қылмыстық іс «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеліп жатыр. Кеше осы бойынша тиісті ақпарат таратылды. Қазіргі кезде қаражат сомасы анықталып жатыр, ол бойынша бірнеше эпизод қамтылған. Осы орайда сараптама жүргізілгеннен кейін, біз бұл соманы жария етеміз. Дегенмен осы іске қатысты миллиардтаған қаражат бар деп айта аламын», деді О. Бектенов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол Қ. Сатыбалды әуежай аумағында ұсталғанын айтты. «Ол Алматы әуежайының аумағында ұсталды. Ұсталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары барысында қараймыз, бұлтартпау шарасын сот айқындайды», - деді агенттік басшысы.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-қа қатысты лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.