Қазақстан • 16 Сәуір, 2022

ИИДМ басшысы Беларусь елінің Қазақстандағы елшісімен кездесті

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 сәуірде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Павел Утюпинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ИИДМ басшысы Беларусь елінің Қазақстандағы елшісімен кездесті
Екі тарап ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, атап айтқанда, өнеркәсіп, құрылыс, азаматтық авиация, қорғаныс-өнеркәсіп кешені және министрлік жетекшілік ететін салаларға инвестициялар тарту мәселелерін талқылады.
 
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық әлеуеті жоғары екенін және осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін ерекше атап өтті.