Қазақстан • 25 Сәуір, 2022

«Ауыл — Ел бесігі» жобасына 3,5 мың ауыл енді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілістегі Үкімет сағатында «Ауыл — Ел бесігі» жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.



«Ауыл — Ел бесігі» жобасына 3,5 мың ауыл енді

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылдық аумақтарды дамыту мақсатында Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл — Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне дейін жеткізу арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл мақсатқа қол жеткізу - әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімдігін қамтамасыз ету, жалпы алғанда, өмір сүруге қолайлы жағдау жасау арқылы іске асырылады. Ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл таңдалды. Оларда ауыл тұрғындарының 89 пайызы тұрады. Осы 3,5 мың ауылдың 1171-і тірек ауылы және олардың айналысында 2368-і жақын спутник ауыл», деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.