Аймақтар • 07 Шілде, 2022

Алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған адам ұсталды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жедел іздестіру шаралары барысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау таңбасы бар суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехты әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған адам ұсталды

Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны жеке үй аумағындағы үй-жайда антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған.

Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.