Президент • 21 Шілде, 2022

Тоқаев келесі кездесуге көршілес елдердің өкілдерін шақыруды ұсынды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне көршілес елдердің де өкілдерін шақыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев келесі кездесуге көршілес елдердің өкілдерін шақыруды ұсынды

«Өңірден тыс стратегиялық әріптестермен ынтымақтастыққа қатысты айтар болсам, онда Қазақстан көпжақты формат аясында Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-әрекет тұжырымдамасын қабылдау мүмкін деп санайды. Меніңше, біз белгілі бір географиялық шекпен тұйықталып қалмауымыз қажет. Орталық Азия басшыларының Консуьтативтік кездесуі жұмысына шақырылған қонақ ретінде өзге көршілес елдердің мәселен, Ресей мен Қытайдың жоғары өкілдері қатыса алар еді», деді Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде.