Қоғам • 26 Тамыз, 2022

Абайда скейт-алаң бар

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Скейтбординг АҚШ-тың Калифорниясында өткен ғасырдың 40-50-ші жылдарында пайда болған екен. Спорттың бұл түрін Халықаралық олимпиада комитеті ресми спорт ретінде танып, 2020 жылғы Токио олимпиадасының бағдарламасына енгізген.

Абайда скейт-алаң бар

Таяуда Қарағанды облысындағы Абай қаласында осы спортқа ар­нал­ған жаңа скейт-алаң ашылды. Ол «Жігер» стадионы маңындағы саябақта орналасқан. Енді мұнда скейт­борд, скутер және BMX вело­си­педтерін тебетін экстремалды спорт әуесқойлары өз шеберліктерін жетілдіре алатын болады.

«Абай ауданының спорт клубы» КМҚК директорының орынбасары Сәуле Қожахметова құрылыс жұмыс­та­­рының биылғы маусым айында бас­талып, тамызда аяқталғанын мә­лім етті.

– Балалар мен жасөспірімдердің қуанышында шек жоқ. Күнде алаңда жүретін олардың қарасы да мол. Айта кететін жайт, скейт-алаңда барлық мін­­детті қауіпсіздік ережелері қатаң сақ­­талады, – деп атап өтті ол.

Жаңадан салынған скейт-алаң­да кәсіби велошабандоздармен қа­тар спорттың осы түрін меңге­ру­ді жа­ңа­дан бастағандар да өз ше­бер­лік­терін ұштай алады.

Жалпы, Қарағанды облысының қалалары мен ауылдарында бұқа­ралық спортты дамыту жолында қы­руар ша­ралардың атқарылып жат­қа­нын айта кеткен ләзім. Абай­дағы скейт-алаң сияқты басқа да спорт түр­лері ны­сандарының көптеп салына бас­тағаны осының айқын дәлелі.

 

Қарағанды облысы,

Абай ауданы