Оқиға • 31 Тамыз, 2022

Көкшетауда 5 жасар бала терезеден құлап кетті

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда бес жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда 5 жасар бала терезеден құлап кетті

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда», делінген ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталының сайтында.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың көпсалалы облыстық балалар ауруханасына (МОО) жеткізілгенін хабарлады.

«Диагнозы: полижарақат, жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, кеуде омыртқасының контузиясы, кеуде қуысының контузиясы, іштің доғал жарақаты. Травматикалық шок 1-2 градус. Бала жан сақтау бөлімінде жатыр», делінген Ақмола облысы ҰҚК баспасөз қызметінде.

Ақмолалық полицейлер тағы да ата-аналарды балаларының қауіпсіздігін қадағалап, қайғылы салдардың алдын алуға шақырады.