Футбол • 22 Қыркүйек, 2022

Футболдан Қазақстан құрамасы Беларусь командасын жеңе ала ма?

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Беларусьпен болатын матч алдында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан құрамасы Беларусь командасын жеңе ала ма?

– Бізді қиын ойын күтіп тұр, оның маңыздылығын түсінеміз. Жігіттерді көптен бері көрмедік, мен бұрынғы матчтарда сезінген атмосфераны қайта сезгім келеді. Бір жағынан қиын ойын болса, екінші жағынан қайта кездесіп, жанкүйерлерімізбен қауышатынымызға қуаныштымыз. Бізде үш-төрт күндік жаттығу болды, команданы бірдей формаға тұрақтандыру қиын. Бірақ кез келген команданың жағдайы бірдей, оның ішінде біздің қарсыластарымыз да бар. Бір жарым күн бойы тактикалық дайындықты пысықтадық. Бапкер әрқашан көп нәрсені қалайды, бірақ мен жұмысымды бұрынғыдай жалғастыруым керек. Ал, біздің жігіттерге келсек, Ахметов жарақатпен келіп, жаттығуға қатыса алмады. Осы матчқа ол шықпайды. Ал Қуаттың жағдайы жақсы, алаңға шығуға дайын, - деді Магомед Адиев.

Оның айтуынша, бүгінгі ойында ұлттық құрамамызды Асхат Тағыберген бастап шығады.

– Біз ешқашан топтың (турнир кестесінде) басында болған емеспіз. Сондықтан мен жігіттерге осы сәттен ләззат алу керектігін айттым, өйткені бұл барлық адамдарда бола бермейтін мүмкіндік. Біз тек бірінші орынға таласуымыз қажет. Спортта тек алтын жарқырайды, сондықтан біз әрқашан осыған ұмтыламыз. Барлығы өз қолымызда. Мен жігіттердің осы сәттерден ләззат алғанын қалаймын. Біз бұл турнирді мерзімінен бұрын аяқтауға тырысамыз. Қандай жағдай болмасын, бар күшімізді саламыз, - деді бас бапкер.