Елорда • 18 Қазан, 2022

Астаналық спортшылар Республика күніне орай челлендж бастады

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Республика күні қарсаңында «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астаналық спортшылар Республика күніне орай челлендж бастады

Қатысушылар елордадағы мемлекеттік рәміздер алаңына жиналып, бүкіл ел бойынша өтетін челленджді іске қосты. Елордалық спортшылар «Қазақстан – Республикам менің» өлеңін оқып, эстафетаны Атырау қаласының спортшыларына тапсырды. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға өзгерістер енгізіп, 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп жариялады. Біз, Астана қаласының спортшылары, Республика күнін жаңа ұлттық мереке ретінде атап өтеміз. Осыған байланысты, біздің патриоттық акциямызды 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орайластыру туралы шешім қабылданды. Бұл челленджді Атырау спортшыларына тапсырамыз. Акция отандық спортты дамыту мақсатында өткізіледі. Челлендж тізбек бойынша еліміздің өзге қалалары мен өңірлеріне эстафета ретінде беріледі», деді Олимпиада чемпионы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Бас хатшысының орынбасары Серік Сәпиев.

хө

Айта кетсек, патриоттық акция қазан айының соңына дейін жалғасады.

«Іс-шараның басты мақсаты – патриоттық сезімді нығайту, халықтың бірлігін спорттық аренада да көрсету, еліміздің осы саладағы жетістіктерін атап өту. Қатысушылар «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясы алда келе жатқан мерекеге құрмет көрсетудің бір жолы, деп бағалады», деді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов.

Патриоттық акцияға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін қала тұрғындарының жеке парақшаларында #РеспубликаКүні, #ДеньРеспублики хэштегтерімен бейнероликтер жариялау қажет.

гно