Қазақстан • 19 Қазан, 2022

Қазақстан Қырғызстанға су үшін 1,5 миллиард теңге төлейді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары комитеті «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан Қырғызстанға су үшін 1,5 миллиард теңге төлейді

Қаулыға сәйкес, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 2022 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен шұғыл шығындарға 1 миллиард 536 миллион 619 мың 913 теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Бұл Түркістан облысы Жетісай мен Мақтаарал аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне берілген 608 млн 32 мың 980 киловатт-сағат көлемінде берілген су үшін Қырғызстанға төленетін ақы.

Белгілі болғандай, бұл шешім суармалы жерлерді уақытылы сумен қамтамасыз етуге, Түркістан облысының Жетісай және Мақтаарал аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерін сақтауға, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және өңірдегі әлеуметтік шиеленістің алдын алуға мүмкіндік берді.

Құжат 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Open НҚА-gov веб-сайтында орналастырылған.