Оқиға • 09 Қаңтар, 2023

Ақмола облысында Беларусь азаматы жол апатына ұшырады

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 қаңтарда Астана - Петропавл автожолының 236-шақырымында 9 көліктің қатысуымен жол апаты болды. Оқиға салдарынан қазақстандық көлік жүргізушілері мен шетелдік азамат зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында Беларусь азаматы жол апатына ұшырады

Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны ВАЗ 2109 көлігінің жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайларды ескермей, 64 жастағы астаналықтың басқаруындағы Chevrolet Cobalt автокөлігімен және Беларусь Республикасының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы Volvo автокөлігімен соқтығысқан.

Содан кейін тағы 6 көлік соқтығысқан: Renault Sandero, Газель, 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado.

Жол апаты салдарынан «Авиценна Бурабай» ЖШС-не 19-49 жас аралығындағы соқтығысқан көліктердің 2 жүргізушісі мен 7 жолаушысы жеткізілді. 6 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.