Саясат • 14 Ақпан, 2023

Иманғали Тасмағамбетов Беларусь президентімен кездесті

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлады Egemen.kz.

Иманғали Тасмағамбетов Беларусь президентімен кездесті

«Алаңдататын мәселе жеткілікті. Біздің ел төрағалық еткен мерзімде осы қордаланған мәселелерді шешуге тырыстық. Әсіресе ҰҚШҰ-ға мүше елдердің шекараларындағы мәселелерге баса назар аудардық. Сіздің тәжірибеңіз жайлы бекер айтып отырған жоқпын. Сіз Кавказды, Орталық Азияны жақсы білесіз. Ол аймақтарда шешімін таппаған мәселе әлі де көп. Оларды шешуге тырысып көрейік, бүгінгідей аласапыран уақытта Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын мүмкіндігінше жандандыра түсейік. Сіз айналада не болып жатқанын көріп отырсыз ғой», деді Александр Лукашенко кездесу барысында.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әскери-саяси ұйымы. Ол 1992 жылы 15 мамырдағы келісім аясында 2002 жылы құрылды. Ұйымға Армения, Беларусть, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері мүше болып отыр.

Айта кетсек, Иманғали Тасмағамбетов аталған ұйымның бас хатшысы қызметіне 2023 жылдың басында кіріскен еді.