Қоғам • 14 Ақпан, 2023

Шымкентте ақша жымқырған шенеунік сот үкіміне шағымданды

2040 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте қызмет бабын асыра пайдаланған Қаржы басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Egemen.kz.

Шымкентте ақша жымқырған шенеунік сот үкіміне шағымданды

Жергілікті басылым нақтылағандай, үкім апелляциялық тәртіпте өзгертілген. 2023 жылдың мамыр айында сот Қаржы басқармасының бұрынғы басшысын қызмет бабын асыра пайдаланды деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырған еді. Сотта айыпталушы «Шымкент» ӘКК-не 1 миллиард 118 миллион теңге шығын келтіргені анықталды. Сотталушы тарап сот шешімімен келіспеді. Үкімге шағымданғаннан кейін сотталушы шартты түрде сотталды.

«Біз оны кінәлі деп таптық. Бұл жерде біз оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын бердік, тек қалалық сот үкімді өзгертті. Апелляциялық шағымда оның үкімі бас бостандығын шектеуге өзгертілді», деді Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Алпысбай Нәлібаев.

Бұрынғы шенеунікке қатысты қылмыстық іс 2021 жылы қозғалған. Тергеу 8 айға созылды. Сондай-ақ «Шымкент» ӘКК» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінен тағы екі адам күдікке ілінді.