Сайлау • 18 Ақпан, 2023

Алдағы сайлауда үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізіледі?

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОСК сайлау алдындағы үгіт-насихат бойынша енгізілген жаңа ережелер жайын тарқатты. БАҚ арқылы үгіт-насихат жүргізуден басқа, онлайн-платформалар арқылы үгіт материалдарын шығаруға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы сайлауда үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізіледі?

Сайлау науқаны 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурызда сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Үгіт-насихатқа шарттық негізде қатысқысы келетін онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау комиссияларына үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс. Ақпарат үгіт-насихат жұмыстары басталғанға дейін 5 күннен кешіктірілмей, яғни 14 ақпанға дейін ұсынылуы тиіс.

Мерзімінде мәлімет берген пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыруға және кандидаттардың сайлау қорларынан төлем алуға құқылы.

14 ақпанға дейін ОСК-да 465 БАҚ пен онлайн-платформалардың 40 пайдаланушысы, аумақтық сайлау комиссияларына - 2115 БАҚ және онлайн-платформалардың 55 пайдаланушысы төлем мөлшері, эфир мен баспа алаңдарын ұсыну шарттары туралы мәліметтер ұсынылды.

Енді дауыс беру күні учаскелерде әрбір БАҚ-тан бір өкіл және қызметтік куәлігі мен редакциялық тапсырмасы болған кезде әрбір телеарнадан 3 өкілден артық емес қатыса алады.

Орталық сайлау комиссиясында саяси партиялардың өкілдері дауыс беруге арналған бюллетеньдерде партиялардың атауларын көрсету тәртібін айқындау үшін жеребе тарту рәсімін өткізді.

Еске сала кетсек, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау 19 наурызда өтеді.