Қоғам • 27 Наурыз, 2023

«Бетіне оқ атқан»: Алматы жүргізушілері жанжал шығарды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жол бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, деп хабарлайды Egemen.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Бетіне оқ атқан»: Алматы жүргізушілері жанжал шығарды

Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт видеоға түсіп қалған. Видео дәл осы сәттен басталады, содан кейін кадрларда Toyota Camry көлігінің зардап шеккен жүргізушісі көрсетілген. Осыдан кейін жәбірленуші қанға боялған бетін ұстап, көлігіне қарай жүгірген. Ал қару қолданған ер адам оқиға орнынан кетіп қалған.

«Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушілері арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі қарсыласына оқ атқан. Күдікті қамауға алынды. ИЖ маркалы газ тапаншасы тәркіленді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деді қала әкімдігінің өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша,  жәбірленуші медициналық көмекке жүгінбеген.

«103 пультіне ондай қоңырау түскен жоқ», деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Нәбира Есенова.