Ауыр атлетика • 28 Наурыз, 2023

Арапбай Нұрасыл жұлқа көтеруден қола жүлдегер атанды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ауыр атлеті Арапбай Нұрасыл Албанияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арапбай Нұрасыл жұлқа көтеруден қола жүлдегер атанды

Дуррес қаласының (Албания) алаңында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Бұл чемпионатта Қазақстан намысын 11 спортшы қорғап отыр (5 ұл және 6 қыз). Жарыстың үшінші күні ауыр атлеттер арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде қола жүлдегер атанған Нұрасыл Арапбай Қазақстан құрамасына алғашқы медальді әкелді. Ал екі жаттығудың қосындысында жас қазақстандық 266 келіні (120+146) көтеріп, 4-орынға тұрақтады.

Бүгін еліміздің спортшылары екі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді: 73 келіге дейін – Ерасыл Сәулебеков және 59 келіге дейін – Алтынай Тәңібергенова.

Ауыр атлетикадан 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионаты 1 сәуірде аяқталады.

л