Спорт • 24 Сәуір, 2023

Шавкат Рахмонов UFC файтерлері арасында көшбасшы болмай қалды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) мерзімінен бұрын қол жеткізген жеңіс саны бойынша қазіргі UFC файтерлері арасында енді көш бастап тұрған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Шавкат Рахмонов UFC файтерлері арасында көшбасшы болмай қалды

Осы уақытқа дейін  Рахмонов рейтингте көш бастап тұрған еді. Ол қатарынан бес рет жеңіске жеткен. Бірақ қазір оны ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) басып озды.

Ол қатарынан алты мәрте айқасқа шығып, алтыншы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Сергей Павлович барлық жеңісіне бірінші раундта-ақ қол жеткізген.

Шавкат Рахмоновқа келсек, ол UFC-дегі бес жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) жеңген.

Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы болашағынан үлкен үміт күттіретін мықты спортшылардың бірі саналады.